ТМККК және МӘМС медициналық қызметтерін алушылар:
ТМККК (толық пакет):- ҚР азаматтары;
- қандас (оралмандар);
- босқындар;
- ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер;
- ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар.
Басқаларға қауіп төндіретін аурулар кезіндегі ТМККК:
- ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер үшін;
- ҚР-да уақытша болатын азаматтығы жоқ адамдар үшін;
- баспана іздеушілер үшін.
МӘМС (аударымдар мен жарналар жүзеге асырылатын тұлғалар - сақтандырылған тұлғалар):
- ҚР азаматтары;
- ҚР аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер;
- қандас (оралмандар);
- ҚР аумағында уақытша болатын шетелдіктер мен олардың отбасы мүшелері.
ТМККК пакетіне мыналар кіреді:
- жедел медициналық көмек, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып;
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек;
- амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек; стационарды алмастыратын жағдайларда, әлеуметтік маңызы бар аурулар және негізгі созылмалы аурулар, шұғыл жағдайлар кезінде стационарлық жағдайларда;
- тізім бойынша сақтандырылмағандар үшін шұғыл нысандағы мамандандырылған медициналық көмек;
- негізгі ауруды және туберкулезбен ауыратын науқастарды емдеуде медициналық оңалту;
- паллиативтік көмек;
- қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету;
- патологиялық диагностика;
- донорлық.
МӘМС пакетіне мыналар кіреді:
- амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек;
- стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек;
- ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, жоспарлы нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек;
- ТМККК шеңберіндегі жағдайларды қоспағанда, сақтанушылар үшін шұғыл нысанда стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек;
- медициналық оңалту;
- патологиялық диагностика.
ТМККК және МӘМС дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету:
ТМККК:
- стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жедел жәрдем, мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде;
-аурулар тізбесі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кезінде. Оларға қарсы профилактикалық егулер жүргізіледі;
-ҚР азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттардың тізбесі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық және мамандандырылған көмек көрсету кезінде (амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету).
МӘМС:
- Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде;
-ҚР азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесі бойынша алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету кезінде (амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету).