Азия Мед клиникасы 2003 жылы құрылды және Қазақстандағы алғашқы жеке клиникалардың бірі болды.Біздің медициналық орталықта кәсіби, жоғары білікті дәрігерлер жұмыс істейді
Біздің команда әртүрлі аурулармен күресуде өзінің барлық білімін,дағдылары мен тәжірибесін қолдануға дайын.Әр дәрігердің тәжірибесі 8 жылдан асады.Міндетті жоғары медициналық білім ,үздіксіз біліктілікті арттыру, халықаралық семинарларға қатысу-біздің команданың әрбір мүшесі қол жеткізетін көрсеткіштің бірі.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде емханалар тіркелген ересектер мен балаларға, сондай-ақ медициналық ұйымның еркін таңдауы бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетеді.
"Азия Мед" медициналық орталығы жалпы саны 11 000 адамнан асатын халыққа қызмет көрсетеді.
"Азия Мед" медициналық орталығында мынадай құрылымдық бөлімшелер бар:ЖПД, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесі, әйелдер консультациясы, зертханалық-диагностикалық бөлімше және ақылы қызметтер бөлімшесі.Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне сәйкес физиотерапиялық қызметтер мен массаж көрсетіледі.
Біздің медициналық орталық қажетті медициналық жабдықтармен және медициналық маңызы бар бұйымдармен жабдықталған.