ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ
ОРТАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫ
«ЛДЦ Азия мед» ЖШС-де балалардың дамуындағы бұзылыстарды ерте анықтау және бала мен оның отбасына уақтылы көмек көрсетуді ұйымдастыру жүзеге асырылады.
Негізгі қызметтер
  • баланың дамуын бағалау және бақылау;
  • физикалық, қимыл-қозғалыс, сөйлеу, когнитивтік және әлеуметтік-эмоционалдық даму бұзылыстарының қаупін ерте анықтау;
  • ата-аналарға баланың дамуы мәселелері бойынша кеңес беру;
  • ерте араласудың жеке бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;
  • үй жағдайында баланың дамуын ынталандыру және қолдау бойынша ұсынымдар беру;
  • медициналық көрсетілімдер болған жағдайда бейінді мамандарға жолдау;
  • көрсетілімдер бойынша медициналық абилитация және оңалтуды ұйымдастыру;
  • баланың жағдайын динамикалық бақылау.
Ерте араласу тек балаға ғана емес, ата-аналар мен отбасын қолдауға да бағытталған.

Қалай жазылуға болады?
Кеңес алу үшін учаскелік дәрігерге/жалпы практика дәрігеріне немесе «ЛДЦ Азия мед» тіркеу бөліміне жүгіну қажет.
Телефон: +7 (727) 374-71-81, +7 777 688 71 81, +7 778 877 29 81
Жүгінген кезде бала туралы мәліметтерді және бұрын жүргізілген тексерулердің нәтижелерін (бар болса) өзіңізбен бірге алып келу ұсынылады.

Маңызды:
Баланың даму ерекшеліктері немесе дамуындағы кідіріс неғұрлым ерте анықталса, қажетті іс-шараларды соғұрлым ерте бастауға және медициналық көмектің одан арғы бағытын анықтауға болады.


ТОО "ЛДЦ Азия Мед"
  • Біз туралы
  • Дәрігерлер
  • Байланыс