СОЗЫЛМАЛЫ ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАРЫ (СЖЕА) БАР ПАЦИЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
ДИНАМИКАЛЫҚ БАҚЫЛАУ Созылмалы аурулары бар пациенттер тіркелген жері бойынша динамикалық бақылауда болады.
Бақылау мыналарды қамтиды:
учаскелік дәрігердің/ЖПД-ның жоспарлы тексеруі;
денсаулық жағдайын және емнің тиімділігін бақылау;
зертханалық және аспаптық тексерулер;
көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың консультациясы;
емді түзету және өмір салты бойынша ұсынымдар.
Дәрігерге қаншалықты жиі қаралу қажет? Тексерулер мен медициналық зерттеулердің жиілігі диагнозды, аурудың ауырлығы мен ағымын, сондай-ақ пациенттің жалпы жағдайын ескере отырып, жеке анықталады. Дәрігерге уақтылы қаралып, тағайындалған тексерулерден уақытында өту маңызды.
ПАЦИЕНТКЕ ҚАЖЕТ:
дәрігердің тағайындауларын орындау;
тағайындалған дәрілік препараттарды тұрақты қабылдау;
белгіленген мерзімде тексерулерден өту;
дәрігер ұсынған көрсеткіштерді бақылау;
денсаулық жағдайы нашарлаған немесе жаңа белгілер пайда болған жағдайда дәрігерге хабарлау;
емдеу тәртібін өз бетінше өзгертпеу.
ЖАҒДАЙ НАШАРЛАҒАН КЕЗДЕ Жоспарлы қабылдаудан тыс уақытта учаскелік дәрігерге/ЖПД-ға немесе шұғыл медициналық көмек кабинетіне жүгініңіз. Өмірге қауіп төндіретін жағдай кезінде 103 нөміріне қоңырау шалыңыз. ЖШС«ЛДЦ АЗИЯ МЕД» БАЙЛАНЫС ДЕРЕКТЕРІ Телефон: +7 (727) 374-71-81, +7 777 688 71 81, +7 778 877 29 81 Жұмыс уақыты: Дүйсенбі–жұма: 08:00–17:00 Сенбі: 09:00–13:00 Жексенбі: демалыс күні